×

Алматының бас жоспары қайта жасалады

Қаланың құрылысшылар кеңесі қайта құрылады

 Дастан Жұмабекұлы 17.06.2022 | 13:44
фото: ашық дереккөз

Алматы қаласы мен агломерациясын дамытуға арналған ортақ жаңа бас жоспар жасалады. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев қала құрылысшылары форумында мәлімдеді.

Бұл туралы almaty.tv хабарлады.

Бас жоспар бойынша қаланың құрылысы 2040 жылға дейін салынады. Құжатты жыл соңына дейін жасалады. 

Кездесуде әкім білікті сәулетшілермен қаланы одан әрі дамыту мәселесін талқылады. Онда қала құрылысынан басқа, Алматы агломерациясына баса мән беру керектігі айтылды. Әкімнің айтуынша, қала мен қала маңындағы аумақтарды бірдей дамыту маңызды.

«Бірнеше жылдан бері Алматы қаласының әкімдігі бас жоспарға түзетулер енгізуге жұмыс істеді. Бірақ, ол бас жоспар бұрынғы 2002 жылғы жоспарларды база ретінде алған. Одан бері жиырма жыл өтті. Қазір қала да, экономика да, Алматы облысы да өзгерді. Сондықтан мен жоспарды жақсартуға атсалысқан азаматтарға алғыс айтқым келеді», – деді ол.

Алматыда құрылысшылар кеңесі қайта құрылады. Ол әкімдікте қарамайды.

«Бұрын әкімдік жанынан құрылысшылардың кеңесі болатын. Онда кәсіби сәулетшілер қала құрылысына қатысты жобаларын талқылап, електен өткізетін. Үш жылдан кейін кеңес қайта жұмысын бастайтын болды», – деді «Қазақстан қала құрылысшылары одағы» қоғамдық бірлестігінің президенті Любовь Нысанбаева.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама