Halyq Uni логотип
×

Қазақстанда су қоймаларын салу ұсынылды

Қазір гидротехникалық құрылысқа байланысты жұмыс істелініп жатыр 

 Дастан Жұмабекұлы 17.06.2022 | 12:26
Қазақстанда су қоймаларын салу ұсынылды
Фото: gov.kz

Парламент Мәжілісінің тыңдауында Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Қазақстанда су қоймаларын салуды ұсынды.

Ол Жамбыл облысында үш су қоймасы салынса, Қырғызстаннан келетін судың бір бөлігін жергілікті су қоймаларынан алуға болатынын айтты.

Шу және Талас өзендері бойынша қырғыз тарапымен мемлекетаралық пайдаланудағы гидротехникалық құрылыстарды күтіп ұстауға және реконструкциялауға бөлінетін қаржыны көбейту бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр, - деді ол.

Оның айтуынша, Жамбыл облысында үш су қоймасы салынса, Шу мен Таластан су алып отырған өңірлерде жерасты суын пайдалану көлемі көбейеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама