Ақтөбенің мектептеріне Ахмет Байтұрсынұлы мен Қаныш Сәтбаевтың есімдері берілді
Үкіметтің қаулысы шықты
Ақтөбе қаласындағы «№ 24 лингвистикалық мектеп-гимназия мен орта мектеп-лицейі Ахмет Байтұрсынұлы мен Қаныш Сәтбаевтың атымен аталсын деген Үкімет қаулысы шықты.
«1. Ақтөбе қаласының білім бөлімі ММ-нің «№ 24 лингвистикалық мектеп-гимназиясы» КММ-не Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілсін.
2. «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» ММ «жаңа орта мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» ММ «Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейі» КММ болып қайта аталсын», - делінген Үкімет қаулысында.
Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.