×

Павлодарда әйелді зорлаған күдікті ұсталды

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды

 Дәурен Ерболат 17.06.2022 | 11:43
Фото: vyatka-grad.ru

Павлодарда ұлттық ұлан сақшылары әйелді зорлаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Halyq Unі тілшісі.

Биыл 17 мамырда кешке «102» нөміріне И. есімді әйел хабарласып, өзіне Ж. есімді азамат күш көрсетіп, зорлағанын айтқан.

Қаладағы №5512 әскери бөлімінің сақшылары арыз түскен соң шұғыл күдіктіні іздеуге кірісті. Олар кешкі сағат 22:30 шамасында Нұрмағамбетов көшесі бойындағы үйлердің ауласында жүрген Ж. есімді азаматты ұстады. Күдікті №4 полиция учаскесіне жеткізілді. Жәбірленуші ұсталған азаматты бірден таныды, - деді Ұлттық ұлан «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің басшысы Бағдат Амангелді.

Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 120-бабы 1 тармағы («Зорлау») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама