×

Қосшыда газ құю бекеті өртенді

Өрт 15 минутта өшірілді

 Дастан Жұмабекұлы 17.06.2022 | 11:36
Видеодан скриншот

Қосшы қаласында газ құю бекетіндегі газ-ауа қоспасы тұтанып, өрт шықты .

Оқиға 16 маусым күні сағат 17.20 шамасында болған. Сол кезде газ құю бекетіндегі артық қысым клапаны қосылып, соның кесірінен өрт шыққан.

Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің Instagram-дағы парақшасында хабарланғандай, өрт сағат 18.15-те өшірілді. Одан ешкім зардап шеккен жоқ. № 34 өрт сөндіру бекеті 20 шақырым орналасқан. Соған қарамастан өрт сөндірушілер Қосшыға тез арада жетуге тырысқан. Қазір өрттің шығу себебін анықтап жатыр.

«Өртті сөндіру үшін Ақмола облысы ТЖД-нің 11 қызметкері мен екі техникасы және Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД-нің 10 қызметкері мен екі техника, Қосшы қаласының ЖАО өрт сөндіру бекетінің екі қызметкері мен бір техникасы жұмылдырылды», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама