Тоқаев Путиннің шақыруымен Санкт-Петерборға барды
Бүгін халықаралық экономикалық форум болады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путиннің шақыруымен Петербор халықаралық экономикалық форумының 25 жылдығына арналған жиынға қатысу үшін Санкт-Петербор қаласына барды.
Бүгін түске дейін Мемлекет басшысы Татарстан президенті Рустам Миннихановпен және Башқұртстан басшысы Радий Хабировпен екіжақты кездесулер өткізеді.
Түстен кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Петербор халықаралық экономикалық форумының пленарлық отырысына қатысады.
Одан кейін Ресей президенті Владимир Путинмен екіжақты кездесу өтеді деп жоспарланған.