Есіл өзеніне екі бала батып кетті
Жыл басынан бері облыста 14 бала көз жұмды
Қайғылы оқиға 15 маусым кешкі уақытта Ақмола облысы Астрахан аудандағы Первомайка ауылына жақын жерде болған.
Велосипед мінген үш бала Есіл өзеніне барып, суға түскен. Сол кезде 6 және 9 жасар екі ұл суға батып кеткен. Ал 8 жасар үшінші бала ауылға жүгіріп барып, үлкендерді көмекке шақырған. Бірақ тым кеш болған. Оқиға орнына учаскелік инспектор барған. Ол аудандық полицияға екі баланың қайтыс болғанын хабарлады. Қазіргі кезде сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Ресми мәліметке сәйкес, жыл басынан бері облыста 14 бала көз жұмды. Төртеуі жол апатына түссе, үшеуі суға батқан. Бір бала уланып қайтыс болса, тағы біреуі жоғары қабаттан құлаған. Тоқтан мерт болған бүлдіршін де бар.