Зеленский мен Қарулы күштердің бас қолбасшысы Залужный арасында ашық қақтығыс басталды (ВИДЕО)
Әскерде жеке қорғаныс құралдары жетпей жатыр
Украина президенті Владимир Зеленский өзінің күнделікті бейнеүндеуінде елдің Қарулы күштерінің Бас қолбасшысы Валерий Залужныйдан жауынгерлердің бір бөлігінде жеке қорғаныс құралдары жеткіліксіз деген шағымдарға қатаң жауап беруді талап етті.
Владимир Зеленскийдің айтуынша, ол Қарулы күштердің басшылығынан алған есептер қоғам талқылайтын сандармен сәйкес келмейді.
Мен армияда логистиканы тексеруді күтемін. Барлық жеке қорғаныс құралдарының қалай бөлінетінін тексеру қажет. Украина Қарулы күштерінің Бас қолбасшысынан осы мәселе бойынша БАҚ пен әлеуметтік желілердегі хабарламаларға мұқият назар аударуды сұраймын, - деді Украина президенті.
Оның айтуынша, мемлекет мұндай жеткізілімдерді қамтамасыз етеді және соғыс аймақтарындағы барлық әскерилерге қорғаныс үшін қажет қару-жарақтар мен жабдықтар жеткілікті болуы керек.
Айта кетсек, бұған дейін шетелдік БАҚ-та Украина Қарулы күштерінің Бас қолбасшысы генерал Валерий Залужныйдың халық арасында ерекше қолдауға ие болып жатқаны жазылған болатын. Ол Донбаста әскери қызметшілердің қажетсіз өлімінен аулақ болу керек деп бірнеше рет айтқан-ды. Ал Президент кеңсесі болса, әскердегі адам шығынына қарамастан соңына дейін тұруды бұйырған.