×

«Күйеуім тепкінің астына алды». Әйтеновтің бұрынғы әйелі Президенттен көмек сұрады

Ол өзін күйеуінің ұрып-соққанын, алдап-арбау арқылы ажырасқанын айтып жылады

 Ая Өміртай 16.06.2022 | 15:42
Коллаж: Halyq Uni

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің ағасы Марат Әйтеновтің бұрынғы әйелі Тоқаевқа өтініш айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

«Самұрық-Қазына» қорының бұрынғы топ-менеджері Марат Әйтеновтің бұрынғы әйелі Дана Атешова жаңа даудың шетін шығарды

«Марат Әйтенов, Мұрат Әйтенов, сендер не істеп жүрсіңдер? Сендерде ұят бар ма? Адамсыңдар ма? Адам емессіңдер ме? Мұрат, сізге қанша рет айтып, жаздым да. Сіз мәселені осылай шешесіз бе? 

Қадірменді президент, Үкіметте осындай адамдар қалай жұмыс істеп жүр? Өзінің балаларын, өзінің отбасын таптап өтетіндерді қалай адам деп айтуға болады? 

Марат екеуміздің ажырасқанымызды білесіздер. Бірқатар қорлыққа шыдауға тура келді, бірақ мен берілмеймін. Бір жыл бойы Маратпен тыныш қана келісуге тырыстым. Ол мені ұрып-соғып, қорғануға мәжбүр етті және мұның бәрін менен жасырын видеоға түсірген. Осы видео жазылардан бір ай бұрын ол мені биіктігі 3 метр баспалдақтан итеріп жіберіп, тепкінің астына алды. Мен бір ай бойы қозғала алмадым. Марат сол кезде жарты жыл бұрын ажырасып кеткен екен», - деді Дана Атешова. 

Оның айтуынша, қазір үш баласын өз жеткізіп отыр, ал оларға әкесі Марат Айтенов 120 мың теңге көлемінде алимент төлейді. 

Марат маған жұмыс істеуіме, артық табыс табуыма рұқсат етпеді. Еш қысылмай, қандай жұмыс болса да істеймін. Кішкентай балаларды асырап, жеткізу керек, – деген ол БАҚ өкілдері мен әлеуметтік желі арқылы құқығын қорғайтынын жеткізген. 

Айта кетелік, Марат Әйтенов Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің үлкен ағасы. Ол биыл наурызда «Самұрық-Қазына» қорының басқарма мүшелігінен шығарылған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Ноғаев сөгіс жариялаған Ақтау қаласының әкімі қызметінен кетті

Ақтау қаласының жаңа әкімі тағайындалды
03.10.2022 | 12:03

Антикордың қызметкеріне қару кезенген полиция майоры ұсталды

Ішкі істер органының шенеунігіне қатысты қылмыстық іс қозғалды
03.10.2022 | 11:47

61 жаста: Президент сайлауына түсетін тағы бір үміткер белгілі болды

«Аманат» кәсіподақтар достастығы президент сайлауына өз кандидатын ұсынды
03.10.2022 | 11:22