×

Бұл жерде халықтың үні шын мәнінде естілуге тиіс – мемлекет басшысы

Кез келген адамды құрылтайға қатыстыруға болмайды

 Еркеғали Болатұлы 16.06.2022 | 15:42
фото: ашық дереккөз

Ұлытау облысында өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың отырысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл құрылтай ел бірлігін нығайтатын, қоғамды ұйыстыратын тың идеялар орталығы болатына сенім білдірді.

Мен Ұлттық құрылтай атына заты сай болып, ел үмітін ақтайды деп сенемін. Бізде түрлі пікірталас алаңдары бар, бірақ құрылтайдың орны бір бөлек. Құрылтай – кең ауқымды жиын. Бірақ бұл жұмыстың сапасына кері әсер етпеуі керек, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осы орайда ол отырыстарды дұрыс ұйымдастыру керек екенін қадап айтты.

«Бұл жерде халықтың үні шын мәнінде естілуге тиіс. Кез келген адамды құрылтайға қатыстыруға болмайды. Жұрттың мұң-мұқтажын, талап-тілегін жеткізетін азаматтар бас қосуы керек. Бұл ел бірлігін нығайтатын, қоғамды ұйыстыратын тың идеялар орталығы болатынына кәміл сенемін», - деді президент.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама