Қызылордада сәби құтқарылды
Ол дәретханада қамалып қалған
Қызылордада мамандар бір жасар сәбиді құтқарды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Оқиға қаладағы Мерей шағын ауданында болған. Тұрғын үйлердің біріндегі пәтерде әжетхананың есігі құлыпталып қалып, ішінде 1 жасар бала қалып қойған. Баланың ата-анасы құтқарушыларға хабарласқан.
Мамандар оқиға орнына дереу жетіп, арнайы құралдармен есікті ашты. Cәбидің зардап шекпегені анықталды. Ол ата-анасына тапсырылды.