Соттың санкциясымен үш қазақстандық қамауға алынды
20 желтоқсанда Маңғыстау облысында есірткі жеткізудің халықаралық арнасы жойылды, деп хабарлайды Halyq Uni.
ҰҚК мәліметінше, есірткі сату кезінде ұсталып, соттың санкциясымен үш қазақстандық қамауға алынған.
Заңсыз айналымнан 600-ден астам метадон таблеткасы мен 300 грамм апиын тәркіленді.
Бұған дейін, қарашада ҰҚКД-ның күшімен Маңғыстау облысы прокуратурасының үйлестіруімен оңтүстік өңірлерден 300 келіден астам каннабис тобына жататын есірткі тәркіленген ішкі есірткі жеткізу арнасы жойылды.
Жоғарыда аталған фактілерге қатысты Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр, – делінген хабарламада.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.