Өрттің себебі анықталып жатыр
Солтүстік Қазақстан облысында мамандар жойқын жарылысқа жол бермеді, деп хабарлайды Halyq Uni.
ТЖМ мәліметінше, Айыртау ауданы Саумалкөл ауылы Губарьков көшесіндегі жер үйден өрт шыққан.
Мамандар өрттен 2 газ баллонын шығарып, жойқын жарылысқа жол бермеді. Өрттің ауданы – 40 шаршы метр.
Оқыс оқиғадан зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталып жатыр.