Halyq Uni логотип
×

Ұшақ апатынан зардап шеккен 11 адам реанимацияда жатыр

ДСМ ауруханаға жеткізілгендердің жағдайы туралы мәлімдеді

 Динара Амантай 26.12.2024 | 13:13
Ұшақ апатынан зардап шеккен 11 адам реанимацияда жатыр
Фото: ДСМ баспасөз қызметі

Ақтаудағы әуежай маңында жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан зардап шеккен 29 адамның 11-і реанимацияда жатыр, деп хабарлайды Halyq Uni.

Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілген пациенттер әртүрлі жарақаттармен, атап айтқанда: мидың жабық жарақаты, мидың шайқалуы, кеуде қуысының жабық жарақаттары, травматикалық шокпен түсті.

26 желтоқсанда таңертең 11 пациент реанимация бөлімшесінде, 13-і травматология бөлімшесінде, 2-еуі нейрохирургия бөлімшесінде, 1-еуі хирургия бөлімшесінде ем алды. Пациенттердің жағдайы бойынша: екеуі аса ауыр жағдайда, 11-і ауыр жағдайда, 14-і орташа ауырлық дәрежесінде, 2 пациенттің шағымы жоқ, қанағаттанарлық жағдайда. 11 пациенттің сегізі өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр және дәрілік седация, тониктер қабылдайды. Келіп түскен кезде барлық зардап шеккендерге қажетті зерттеп-қарау түрлері жүргізіліп, жағдайы тұрақтанғаннан кейін бейіні бойынша емдеуге жатқызылды, – делінген министрлік хабарламасында.

Ведомство өкілдері зардап шеккендерге медициналық көмек толық көлемде көрсетілетінін атап өтті.  Дәрігерлер ауыр пациенттердің жағдайын тұрақтандыру үшін барлық мүмкін шараларды қабылдап, аурухана дәрі-дәрмектермен, жабдықтармен жеткілікті түрде қамтамасыз етілген.

Бұған дейін хабарланғандай, Астанадан Ақтауға әуе апатынан зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету үшін санитариялық авиация ұшағы жіберілген. Бортта құрамында екі реаниматолог, 4 травматолог, нейрохирург және комбустиолог бар ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының мобилдік бригадасы келді.

Ресей тарапымен келіссөздерден, мамандардың консультацияларынан кейін бүгін РФ Апаттар медицинасының бортымен Ақтаудан Мәскеуге 9 пациент, Ресей азаматтары жіберілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама