Сотталғандар «полиция капитаны» арнайы атақтарынан айырылды
Қарағандыда куәгерді азаптаған екі полицейге сот үкімі шықты, деп хабарлайды Halyq Uni.
Облыстық прокуратура ақпаратына сәйкес, куәгер басқа адамның денсаулығына орташа зиян келтіргені үшін жауап алу мақсатында полицияға шақырылған. Қызметтік бөлмеде екі жедел қызметкер оған психологиялық қысым көрсетіп, кінәсін мойындау үшін денесін жарақаттаған.
Қарағанды облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Криминалдық полиция бөлімінің аға жедел қызметкерлерін ҚР Қылмыстық кодексінің 146-бабы 2-бөлігінің 1-тармағына сәйкес кінәлі деп танып, жазаларын Қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтеумен 3 жылға бас бостандығынан айырды, – делінген хабарламада.
Сотталғандар «полиция капитаны» арнайы атақтарынан айырылды. Оларға Жәбірленушлердің өтемақы қорына айыппұл төлеу жазасы да тағайындалды.
Қарағанды облыстық сотының Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы үкімді өзгеріссіз, апелляциялық шағымдарды қанағаттандырусыз қалдырды.