Halyq Uni логотип
×

Ақтаудағы ұшақ апаты: қаза тапқан 7 адамның кім екені анықталды

Апаттан 38 адам көз жұмды

 Дәурен Ерболат 26.12.2024 | 11:25
Ақтаудағы ұшақ апаты: қаза тапқан 7 адамның кім екені анықталды
Фото: ТЖМ

Ақтаудағы ұшақ апаты салдарынан қаза тапқан 7 адамның кім екені анықталды, деп хабарлайды Halyq Uni.

ТЖМ мәліметінше, бүгінде оқиға орнында 306 адам, 101 техника, 2 әуе кемесі және 6 кинологиялық топ жұмыс істеп жатыр.

Кеше авариялық-құтқару жұмысын жүргізу нәтижесінде Ақтау қаласының медициналық мекемелеріне 29 адам, оның ішінде 3 бала жеткізілді.

Қаза тапқандардың 38 мәйіті табылды, олар медициналық сараптама орталығына жеткізілді. Олардың ішінде 6 қазақстандық, 3 экипаж мүшесі бар. 7 адамның денесі анықталды. Кеше ТЖМ құтқарушылары қара жәшікті тапты. Оқиға орнында тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды, - деп жазылған хабарламада.

Қазір Ақтау қаласында апаттың себептерін тергеу жөніндегі үкіметтік комиссия жұмыс істеп жатыр.

Астанадағы командалық орталықта және Маңғыстау облысының ТЖД-да жедел штабтар мен жедел желі іске қосулы: 8-7172-55-96-21, 8-7172-55-96-83, 8-7292-31-90-91. Жедел желіге шұғыл психологиялық көмек және ақпарат сипатындағы 1 мың 63 өтініш түсті.
Айта кетейік, кеше сағат 11.00-де Баку-Грозный бағытында ұшып бара жатқан Azerbaijan Airlines әуе кемесі Ақтау әуежайы маңында апатқа ұшыраған еді. Бортта барлығы 67 жолаушы, оның ішінде 5 экипаж мүшесі болған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама