Ресейлік делегация мінген борт кеше ұшып келген еді
Ақтауда ұшақ апатынан зардап шеккен 9 ресейлік азаматты Мәскеуге аттанды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Кеше Ақтауға Ресейден ұшақ апатынан зардап шеккендерге көмектесу үшін медицина қызметкерлері мінген борт ұшып келген болатын. Бүгін олар түрлі деңгейдегі жарақат алған 9 отандасымен бірге елдеріне қайтты.
Маңғыстау облысының әкімі Н.Қилыбай қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасына мемлекет тарапынан тиісті қолдау көрсетілендігін айтты.
Еске сала кетсек, кеше Azerbaijan Airlines авиакомпаниясына тиесілі ұшақ Ақтау қаласының маңында апатқа ұшыраған. Апаттын себеп-салдарын тексеру үшін үкіметтік комиссия құрылды.