Сот актісі заңды күшіне енген жоқ
Атырау облысы Жылыой аудандық сотының соты «№2 ересектерге арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер орталығы» КММ директоры Г. Жалекенова мен бухгалтер А. Шмидоваға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Антикор мәліметінше, олар мекемеде нақты қызмет жасамаған адамдарға жалақыны заңсыз аудару арқылы 73 млн теңгеден астам сомаға бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылған.
Сот үкімімен Шмидова 7 жылға бас бостандығынан айырылды, Жалекенова залалдың толық өтелуін және жас баланың болуын ескере отырып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеуге сотталды, – делінген хабарламада.
Сонымен қатар, олар өмір бойы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан айырылды.
Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.