Бортта барлығы 67 адам болған
Төтенше жағдайлар министрлігі Ақтаудағы ұшақ апаты туралы соңғы ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Осы сағатта 29 адам, оның ішінде 2 бала ауруханаға жатқызылды. Қазіргі уақытта авариялық-құтқару жұмысы жалғасып жатыр, - деп жазылған хабарламада.
Астанадағы командалық орталықта және Маңғыстау облысының ТЖД-да жедел желі телефондары жұмыс істейді (8-7172-55-96-21, 55-96-83, 8-7292-31-90-91), оған 373 қоңырау түсті.
Қаза тапқандар мен зардап шеккендердің тізімі нақтыланып жатыр. Ақтау қаласына Әзербайжанның Төтенше жағдайлар министрі, генерал-полковник Кямаледдин Фаттах оглы Гейдаров жетті.
ТЖМ Командалық орталығының базасында республикалық штаб құрылды. Оның құрамына Ішкі істер, Денсаулық сақтау, Көлік министрліктерінің, Ұлттық ұланның, Сыртқы істер министрлігінің және басқа да ұйымдардың өкілдері кірді.
Қазір оқиға орнында жеке құрамнан 432 адам және 79 техника жұмыс істеп жатыр.
Бұған дейін апаттан аман қалғандардың тізімі жарияланған еді.