Шымкентте құны 747 млн теңгеден асатын жер мемлекетке қайтарылды

Динара Амантай

Бұзушылықтарға жол бергені үшін 4 лауазымды адам тәртіптік жауаптылыққа тартылды

Фото: Halyq Uni

Шымкентте құны 747 млн теңгеден асатын жер мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Ақпаратқа сәйкес, жергілікті атқарушы орган заң талаптарын бұза отырып, жерді пайдалану мерзімін заңсыз ұзартқан. Сондай-ақ жосықсыз тұлғалардың жалған құжаттар негізінде жерді заңдастыру фактілері анықталды.

Жалпы алғанда, 2024 жылдың басынан бері қадағалау актілерін қарау нәтижесінде кадастрлық құны 747 млн теңгеден асатын жалпы алаңы 158,6 гектар болатын жер мемлекетке қайтарылды. Олар заңды экономикалық айналымға тартылатын болады, – делінген ақпаратта.

Бұзушылықтарға жол бергені үшін 4 лауазымды адам тәртіптік жауаптылыққа тартылды.