Қазақстан қажетті көмек көрсетеді
Мемлекет басшысы Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевке көңіл айтты, деп хабарлайды Halyq Uni.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевке Маңғыстау облысында Әзербайжанның әуе жолдары ұшағы апатқа ұшырап, экипаж мүшелері мен жолаушылардың қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді.
Орны толмас ауыр қайғыға ортақтаса отырып, Сізге, қаза тапқан азаматтардың туған-туыстарына және барша Әзербайжан халқына көңіл айтамын. Менің тапсырмаммен Қазақстан Үкіметі мемлекеттік комиссия құрды. Комиссия құтқару операциясы аясында тиісті шаралар қабылдап, Әзербайжан тарапына қажетті көмек көрсетеді, – делінген жеделхатта.
Еске сала кетсек, бұған дейін Azerbaijan Airlines авиакомпаниясына тиесілі ұшақ Ақтау қаласының маңында апатқа ұшырағанын хабарлаған болатынбыз. Оқиға кезінде 28 адам аман қалған.