Оралда полиция баланы өлімнен құтқарды
Бүлдіршінге медициналық көмек көрсетілді

Оралда полиция 1 жасар қызды өлімнен құтқарды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Polisia.kz мәліметінше, полиция қызметкерлері Азамат Мұхамбетов пен Наурызбек Бектасовтан ер адам көмек сұраған.
Оның көлігінде жұбайы мен ауырып жатқан бір жасар қыз болған. Көктайғақ салдарынан олар ауруханаға тез жете алмаған.
Тәртіп сақшылары дереу анасын және баласын қызметтік көлікке отырғызып, баланы шұғыл түрде ауруханаға жеткізді.
Қызға қажет медициналық көмек көрсетілді. Бүгінде оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.