Ақтаудағы ұшақ апаты бойынша қылмыстық іс қозғалды
Бортта барлығы 67 адам болған
Ақтауда ұшақ апаты дерегі негізінде сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Қылмыстық кодекстің 344-бабы 3-бөлігі («Көлік құралын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережелерін бұзу, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтыру») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп жазылған көліктегі полиция департаменті.
Оқиға орнына Ішкі істер министрлігінің, көліктегі полиция департаментінің және Бас көлік прокуратурасының басшылығы, сондай-ақ жедел-тергеу тобы шұғыл аттанды.
Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жарияланбайды.
Бұған дейін ұшақ апатынан 28 адам аман қалғаны хабарланған еді.