Тиісті құқықтық акт Әділет департаментінде тіркеуден өтіп жатыр
Енді қала құрылысын бақылау органдары бастапқы кезеңде-ақ заңсыз құрылыстың жолын кесе алады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Тиісті құжат қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен әзірленді және қажетті құжаттар болмаған кезде немесе жобадан ауытқу анықталса, нысандарды тексеруге мүмкіндік береді.
Бұрын тексеріс тек ресми өтініш негізінде жүргізілетін, ал меншік иесінің болмауы тексеруге кедергі келтіретін. Жаңа ережелерге сәйкес, бұл енді тосқауыл болмайды. Егер заңбұзушылық анықталса, қала әкімдігі заңды негізде жедел түрде жоспардан тыс тексеріс бастайды.
Қазір құқықтық акт Әділет департаментінде тіркеуден өтіп жатыр. Оның қабылдануы құрылыс үдерістерін қауіпсіз әрі ашық етіп, заңсыз құрылысқа жол бермей, құрылыс салушылардың жауапкершілігін арттырады.