Ақтөбеде шахтерлерге 165 млн теңге жалақы төленбеген

Динара Амантай

Жұмысшылардың құқығы қалпына келтірілді

Фото: Halyq Uni

Ақтөбеде шахтерлер мен коммуналдық кәсіпорын қызметкерлеріне жалақы төленбеген, деп хабарлайды Halyq Uni.

Облыстық прокуратура мәліметінше, «Оңтүстік шахта құрылыс» ЖШС-ның 156 жұмысшыға 165 млн теңгеден астам жалақы төлемеу дерегі анықталған. Прокуратураның үйлестіруімен құқық қорғау органдарының, жергілікті атқарушы және уәкілетті органдар басшыларының қатысуымен кеңес өткізілді. Бұл жиынға «ҚазХром» ТҰК» АҚ басшылығы мен ЖШС-ның құрылтайшысы да шақырылды. Қабылданған шаралармен жалақы қарызы толығымен өтелді.

Басқа жағдайда, Шалқар аудандық прокуратурасымен «Ұлы Борсық» КМК-нің 519 қызметкерге 48 млн теңгеден астам жалақы қарызы анықталып, прокурорлық ықпал ету актісімен өтелді.

Осылайша, аталған кәсіпорындардағы 213 млн теңге болатын жалақы қарыздары өтеліп, жұмысшылардың құқығы қалпына келтірілді.