Жаңа жылда полиция күшейтілген режимде жұмыс істейді
Қоғамның қауіпсіздігі бақылауда болады
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында полиция күшейтілген режимде жұмыс істейді, деп хабарлады Polisia.kz.
Полицейлер қоғамдық тәртіпті сақтауға міндетті. Мереке күндері көптеген адам көшеде жүреді. Осы уақытта біз құқықбұзушылықтардың жолын кесуге, нөлдік төзімділік және жазаның бұлтартпаушылық қағидатын қамтамасыз етуге тиіспіз, - деді Көкшетау қаласының патрульдік полиция қызметкері Жәнібек Шакиров.