Ауру малдың етін сатып алған: Шымкентте төрт адамнан сібір жарасы анықталды
Шымкентте биыл сібір жарасы анықталған тұрғындар саны екі есе өскен
Түркістан облысының Сайрам ауданында тұратын кәсіпкер Жиделі шағын ауданының 15 тұрғынына ауру малдың етін сатқан. Бұл жағдай Шымкент қаласындағы Абай ауданында тіркелді. Бұл туралы 24.kz хабарлайды.
Ауру малдың етін тұтынған төрт адамнан індет (сібір жарасы – ред.) белгілері байқалды. Етті тұтынған өзге азаматтарға қажетті медициналық-профилактикалық жұмыстар жүргізілген.
Шымкентте биыл сібір жарасы анықталған тұрғындар саны екі есе өскен.
Індетке қарсы іс-шаралардың барлығы толығымен жүргізіліп, ошақ жабылды. Барлығы 14 күн медициналық бақылауда болды, антибиотик пен профилактикалық ем қабылдады. Олардың арасында жағдайдың қайталануы болған жоқ, - дейді Шымкент қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы Балкүміс Мұсаева.