Жетісу облысында жол жабылды
Учаскені бес күннен кейін ашу жоспарланып отыр

Жетісу облысында жол жабылды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Бүгін сағат 08:00-де өңірде ауа райының бұзылуына байланысты «Үшарал-Достық» автожолының 84-164 шақырым аралығында (Көктума стансасынан Достық ауылына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.
Жолды 31 желтоқсанда сағат 10:00-де ашу жоспарланған.
Тәулік бойы қосымша ақпаратты 1403 байланыс орталығына хабарласып алуға болады.