Halyq Uni логотип
×

Грузияда Қазақстан консулдығы ашылды

Шаһар курорттарымен танымал

 Дәурен Ерболат 24.12.2024 | 17:50
Грузияда Қазақстан консулдығы ашылды
Фото: dknews.kz

Грузияның Озургети қаласында Қазақстанның жаңа консулдығы ашылды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Гурия аймағында Қазақстанның құрметті консулдығының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Іс-шараға Грузия Сыртқы істер министрінің орынбасары Александр Хвтисиашвили, Озургети қаласының мэрі Автандил Талаквадзе, Парламент және сакребуло (жергілікті өзін-өзі басқару) депутаттары, сондай-ақ іскер топ өкілдері қатысты.

Құрметті консул болып Гурия аймағының тумасы, белгілі грузин кәсіпкері, «Ағайынды Асканели» атымен танымал шарап компаниясының тең иесі Гоча Чхаидзе тағайындалды, - деп жазылған СІМ таратқан хабарламада.

Қазақстанның Грузиядағы елшісі Мәлік Мырзалиннің пікірінше, Грузияның экономикалық және туристік аймақтарының бірінде Қазақстанның құрметті консулдығының ашылуы қос мемлекет арасындағы қарым-қатынастың жоғары деңгейде екенін көрсетеді.

 

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама