Halyq Uni логотип
×

Тоқаев Әзербайжан президентін құттықтады

Екіжақты серіктестікті одан әрі нығайту перспективасы талқыланды

 Динара Амантай 24.12.2024 | 14:48
Тоқаев Әзербайжан президентін құттықтады
Фото: t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Halyq Uni.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті туған күнімен құттықтап, бауырлас Әзербайжан халқының игілігі жолындағы мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Мемлекет басшысы қазақ-әзербайжан қатынастарын дамытуға қосқан Ильхам Әлиевтің елеулі үлесін жоғары бағалады.

Президенттер екіжақты ықпалдастықтың қарқыны жоғары екенін атап өтіп, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту перспективасын талқылады.

Әсіресе, жоғары деңгейдегі сапарлар кезінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мәселесіне айрықша мән берілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама