Halyq Uni логотип
×

Оралда 45 млн теңгенің алтын бұйымдарын ұрлаған шетелдіктер ұсталды

Қылмыс Астанада жасалған

 Дәурен Ерболат 24.12.2024 | 11:11
Оралда 45 млн теңгенің алтын бұйымдарын ұрлаған шетелдіктер ұсталды
Фото: polisia.kz

Оралда ломбардтан 45 млн теңгенің алтын бұйымдарын ұрлаған қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Polisia.kz мәліметінше, оның құрамында шетелдіктер болған. Тергеу барысында 5 адамнан тұратын топ қылмыс жасауды алдын-ала мұқият жоспарлағаны анықталды.

Күдіктілер ломбардтың кілтін алып, қызметкер түскі асқа кеткенін күткен. Олар осы мүмкіндікті пайдаланып, жалпы құны 45 млн теңге болатын 654 алтын бұйымды, сондай-ақ кассадан 1,5 млн теңгеден астам ақша ұрлаған.

Ұрлық жасаған соң топ мүшелері қаладан қашып, батысқа қарай бет алған.

Полицейлер күдіктілерді Оралдағы үйлердің бірінің ауласында ұстады. Онда олар үйді жалға алуға тырысқан.

Ұсталғандар басқа мемлекеттің азаматтары екені анықталды. Қазір олар қамауда отыр. Бұл дерек негізінде сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама