Halyq Uni логотип
×

Семейге жаңа әкім тағайындалды

Бұған дейін бұл қызметті Нұрбол Нұрсағатов атқарды

 Дәурен Ерболат 23.12.2024 | 16:38
Семейге жаңа әкім тағайындалды
Фото: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Семей қаласының әкімі қызметіне Талғат Батырұлы Мұратов тағайындалды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Семей қаласының әкімі болып Талғат Мұратов тағайындалды, - деп жазылған Абай облысының әкімдігі таратқан хабарламада.

Бұған дейін ол Бесқарағай ауданының әкімі қызметін атқарды.

Сондай-ақ осыған дейін Семей қаласын Нұрбол Нұрсағатов басқарды. Ол өкілеттілігінің аяқталуына байланысты қызметінен кетті.

Айта кетейік, Талғат Мұратов 1972 жылы 28 қаңтарда Алматы облысында дүниеге келген, үш жоғары білімі бар.

  • 2007 жылы Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясын «Сарапшы-бағалау», 2015 жылы Қазақ инновациялық университетін «Құқықтану», ал 2018 жылы Қазақ қатынас жолдары университетін «Техника және технологиялар» мамандықтары бойынша бітірген. 
  • Еңбек жолын 1993 жылы Семей қаласындағы «Стройдеталь» компаниясының атқарушы директоры болып бастаған. Кейін «Семей Сельхозтехника» ЖШС-де экономист, «Комфорт-Экспресс» ЖШС директорының орынбасары, сондай-ақ «Тау-кен металлургия жабдықтарының конструкторлық бюросы» ЖШС филиалының директоры болып жұмыс істеді. 
  • 2012-2014 жылдары – «Шығыс Самғау» ЖШС бас директорының орынбасары;
  • 2014 жылғы мамырдан қыркүйекке дейін – «АТФ Банк» АҚ Семей қаласы филиалының бөлшек сауда орталығы бөлімшесінің басшысы;
  • 2014-2015 жылдары – Бесқарағай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы;
  • 2016-2018 жылдары – Жарма ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы;
  • 2018 жылдан 2022 жылға дейін – Жарма ауданы әкімінің орынбасары.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама