Halyq Uni логотип
×

Айырбастау пункттері ескі долларларды қабылдауға міндетті – Ұлттық банк

Бас тарту жағдайларына байланысты шағым көбейген

 Динара Амантай 23.12.2024 | 17:16
Айырбастау пункттері ескі долларларды қабылдауға міндетті – Ұлттық банк
Фото: Halyq Uni

Қазақстан Ұлттық банкі алдыңғы жылдары шығарылған қолма-қол АҚШ долларын айырбастау қағидаларын түсіндірді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Ақпаратқа сәйкес, 1996-2013 жылдар аралығындағы кезеңде шығарылған қолма-қол АҚШ долларын ЕДБ айырбастау пункттерінің және банктік емес айырбастау пункттерінің айырбастаудан бас тарту фактілері бойынша азаматтардан түсетін шағымдар жиілеп кеткен.

Осыған байланысты ҚҰБ бұл банкноталардың заңды төлем құралы екенін және олардың түпнұсқалығы расталған және зақымданбаған жағдайда айырбастау пункттерінде комиссиясыз қабылданатынын еске салды.

Егер банкноталар бүлінбеген болса және айналыста жарамсыз деп танылмаған жағдайда ҚР заңнамасында қолма-қол шетел валютасын айырбастау үшін комиссиялар көзделмеген. Айырбастау пунктері алынатын комиссияны айырбастауға қабылданатын банкноталар төлемге қабілетсіз немесе одан әрі айналысқа жарамсыз болған жағдайда ғана белгілеуі мүмкін екенін атап өтеміз. Егер айырбастау пункті комиссия алса немесе шетел валютасын шыққан жылына қарай қабылдаса, валюта айырбастаудан негізсіз бас тартса, сол айырбастау пункті орналасқан жердегі Ұлттық Банктің аумақтық филиалына шағымдану қажет. Шағыммен қатар барлық қажет ақпарат пен құжатты қоса көрсету керек, бұл заңға сәйкес шара қолдануға мүмкіндік береді, – делінген Банк хабарламасында.

Касса операциялары мен банкноталарды, монеталарды және бағалы заттарды инкассациялау ережелеріне сәйкес, банк мынадай касса операцияларын жүзеге асырады: клиенттен қолма-қол ақша қабылдау және клиентке қолма-қол ақша беру. Бұл операциялар банк туралы заңның 30-бабында көрсетілген банк операцияларын және басқа да операцияларды орындау үшін жүргізіледі.

Осылайша, ЕДБ кассалық операцияларды жүзеге асырғаны үшін алынатын комиссияларды өздерінің ішкі тарифтік саясатына сәйкес белгілеуге құқылы.

Бұл ретте Банктер туралы заңға сәйкес банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар сыйақы мөлшерлемелері мен комиссияларды, сондай-ақ банк қызметтерін көрсеткені үшін тарифтерді ҚР заңдарында белгіленген шектеулерді ескере отырып өз бетінше белгілейді. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама