Кінәлі лауазымды адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды
Елордалық прокуратураның шараларымен көпбалалы отбасыларға арналған 15 пәтер мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Сот актілерін зерделей отырып, прокуратура мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың орындалуына талдау жасады.
Құрылыс салушы көпбалалы жанұяларға арналған 15 пәтерді уәкілетті органның балансына беру бойынша шарттық міндеттемелерді 2022 жылдан бері орындамағаны анықталды. Прокурорлық қадағалау актісі бойынша 10 пәтер конкурс өткізу және кейіннен көп балалы отбасыларды қамтамасыз ету үшін уәкілетті органның балансына табысталса, 5 пәтер тапсыру сатысында, – делінген прокуратура хабарламасында.
Кінәлі лауазымды адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды.