АҚШ пен Израиль Йемен астанасына әуеден соққы берді

Halyq Uni

АҚШ-та бұл соққылардың мақсаты зымыран қоймасы мен хусит операциялық орталығын әлсірету деп түсіндірілді

фото: venezuela-news.com

АҚШ пен Израиль авиациясы Йеменнің солтүстігін билеп отырған «Ансар Алла» шиит қозғалысының (хуситтер) тобына әуе шабуылдарын жасады, деп хабарлайды Halyq Uni РИА Новостиге сілтеме жасап.

Бұл ретте «Ансар Алла» қозғалысы зымыран бригадаларының штабы орналасқан Аттан тауына әуеден екі мәрте соққы жасалған.

Тағы бір әуе шабуылы Нукум тауындағы Эль-Хафа әскери лагерінде болды. Ол – Сананың шығыс жағында, - делінген баспасөз хабарында.

Кейін Пентагонның Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) АҚШ-тың Санадағы соққыларының мақсатын зымыран қоймасы мен хусит операциялық орталығын әлсірету деп мәлімдеді.

CENTCOM күштері Оңтүстік Қызыл теңіздегі, Баб-эль-Мандеб бұғазындағы және Аден шығанағындағы АҚШ әскери-теңіз күштерінің әскери кемелері мен сауда кемелеріне жасалған шабуылдарды азайту үшін хусит операцияларын бұзу және әлсірету мақсатында әдейі соққы жасады, - делінген командалық хабарламада.

Қызыл теңіздегі операция кезінде йемендік хуситтердің бірнеше дрондары атып түсірілді. Кемеге қарсы зымыран да жойылды.

Айта кетсек, Израиль мен Йемен Газа секторында Израиль операциясы басталғалы бері бір-біріне соққы жасап келеді. Өйткені йемендік хуситтер Израиль күресіп жатқан ХАМАС тобын қолдайды.

Хуситтер АҚШ және Ұлыбританиямен байланысты кемелерге бірнеше рет шабуыл жасаған. Соңғы апталарда екі америкалық эсминец шабуылға ұшыраған. Мұны Пентагон да растады.