Саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар мен аулаларды абаттандырылады
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов қаланың барлық жері абаттандырылатынын айтты.
Бұл туралы ол Facebook-те хабарлады.
Ол әлеуметтік желіде көпшілікті саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар мен аулаларды абаттандыру жұмысының басталғанынан хабардар етті.
«Биыл қаланың жақсы жерлері көбейеді. Қала тұрғындары мен қонақтары үшін таза ауада, бос уақытын денсаулығына пайдалы өткізе алатын 200-ден аса орын пайда болады. Осыған дейін 500 аула мен қоғамдық орындар аббаттандырылды. Олардың бәрі қызыға қарайтын орынға айналды. Осылайша, елордамыз ақырындап «көлік жүргізушілер қаласынан» «жаяу жүргіншілерге арналған қалаға» айналып келеді», - деді ол.
Ол жақында каскадты амфитеатр құрылысының барысымен танысқанын да атап айтты.
«Амфитеатр келесі айда ашылады. Ол Есіл өзені мен Бейбітшілік және келісім сарайының (Алматы ауданындағы Нәжімеденов көшесінде) арасында орналасқан. Амфитеатрда іс-шаралар мен спектакльдер болады. Сол жерде балаларға арнап алаңқай ашамыз. Елордамыз Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Нұр-Сұлтан – жайлы қала» мастер-жоспары аясында дамып келеді», - деді әкім.