Halyq Uni логотип
×

Ресеймен шекаралас облыстарда іздеуде жүрген қылмыскерлер ұсталды

Тараптар ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес әрекет етеді

 Динара Амантай 20.12.2024 | 17:10
Ресеймен шекаралас облыстарда іздеуде жүрген қылмыскерлер ұсталды
Фото: Halyq Uni

Биыл Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер Ресей Федерациясының шекаралас облыстарында іздеуде жүрген 19 қылмыскерді ұстады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 11 айдың ішінде солтүстікқазақстандық жедел уәкілдер ТМД елдері үшін 38 қылмыскерді анықтап қолға түсірген. Оның ішінде 10 қылмыскер – Омбы, ал Қорған мен Түмен облыстары үшін сәйкесінше 6 және 3 қылмыскерді ұстады.

Қорқытып алу қылмысын жасағаны үшін мемлекетаралық іздеуде жүрген 26 жастағы ресейлік Мамлют ауданында ұсталды. Ол Түмен қаласының тұрғынын қорқытып, Toyota автокөлігін және ақша талап етті деген күдікке ілінді. Қазір ол қамауға алынды, кейін ресейлік әріптестерге беріледі.

Солтүстікқазақстандық криминалдық полиция мен Ресей Федерациясы өңірлерінің ішкі істер органдарының қызметкерлері арасында жедел-анықтамалық, іздестіру мәліметтері және өзара маңызды өзге де ақпаратпен алмасу ұдайы негізде жүзеге асырылады. Шекаралас ынтымақтастық шеңберіндегі жұмыс 1993 жылғы Құқықтық көмек туралы Минск Конвенциясына және 2008 жылғы РФ ІІМ мен ҚР ІІМ арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес жүргізіліп жатыр, – дейді СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Иван Терзиди.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама