Halyq Uni логотип
×

Баспаналы болғысы келген астаналық алаяққа алданды

Аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды

 Динара Амантай 19.12.2024 | 17:35
Баспаналы болғысы келген астаналық алаяққа алданды
Фото: polisia.kz

Баспаналы болғысы келген астаналық алаяққа алданды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, алаяқ жәбірленушіге мемлекеттік бағдарламамен тұрғын үй алуға жәрдем беруге уәде беріп, артынша ақшаны алғаннан кейін қашып кеткен.

Жәбірленуші 2 млн теңгеден астам сомаға алданып қалды. Кейін алданғанын түсінген елорда тұрғыны полиция қызметкерлерінің көмегіне жүгінді.  Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында Байқоңыр ауданының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктіні анықтады. Қаражатты алаяқтық жолмен иемденіп, материалдық шығын келтірген 35 жастағы әйел адам екені мәлім болды, – делінген хабарламада.

Күдікті әйел жасаған қылмысын мойындады.  Аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды. 

Тергеу барысында күдіктінің тағы да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама