«Еңбек заңнамасын бұзған». Министрлік Қазақмыс жұмысшыларына қатысты мәлімдеме жасады

Динара Амантай

Даулы мәселе комиссиямен қаралуға тиіс

Фото: Halyq Uni

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС «Жезқазғантүстімет» өндірістік бірлестігінің ереуілге шыққан жұмысшылары еңбек заңнамасы нормаларын бұзғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Министрлік жұмысшыларды өз жұмыстарын қайта бастауға шақырып, олардың жұмыс берушіге қойылатын талаптарды белгіленген тәртіппен талқылауды ұсынды.

Айта кетсек, 17-18 желтоқсанда «Жезқазғантүстімет» ӨБ бірнеше шахтасының жұмысшылары жалақыны көтеру талабымен жұмысты тоқтатқан болатын.

Жұмысшылардың бұл әрекеті еңбек заңнамасында көзделгендей талаптарды ұсыну тәртібін және оларды жұмыс берушінің қарау ретін бұза отырып жүргізілді. Еңбек кодексінде белгіленген қолданыстағы тәртіп бойынша осы талаптарды жұмыс берушіге ресми жолдауды, оларды жұмыс берушімен қаралуын, ал оны шешу мүмкін болмаған жағдайда татуластыру комиссиясында қарастыруды көздейді. Жұмысшылардың талаптарын қараудың аталған тәртібі өндірістік процесті тоқтата тұруды көздемейді. Заңнамада белгіленген тәртіпті сақтамау тәртіптік жауаптылыққа әкеп соғады, – делінген министрлік хабарламасында.

Қалыптасқан жағдайды реттеу мақсатында ведомство тараптарды татуластыру комиссиясы шеңберінде және тек құқық аясында татуластыру рәсімдерін жүргізуге және жұмысты қайта кірісуге шақырды.