Halyq Uni логотип
×

4,5 мың шетелдік Қазақстан азаматы атанды

Олар елімізде жұмыс істегісі келеді

 Дәурен Ерболат 19.12.2024 | 13:33
4,5 мың шетелдік Қазақстан азаматы атанды
Фото: Halyq Uni

Биыл Алматы облысында 4,5 мыңнан аса шетелдік Қазақстан азаматы атанды, деп хабарлайды Polisia.kz

2024 жылы Алматы облысында 4,5 мыңнан астам шетелдік Қазақстан азаматтығын алды. Өңірде 73 545 шетелдік тіркеліп, оның 2 639-ына виза берілді. Көші-қон заңнамасын бұзған 9 653 адам жауапқа тартылды, олардың 6 803-і – шетелдіктер, ал 2830-ы – Қазақстан азаматы, - деді облыстық ПД КҚҚБ басшысы Рүстем Жарықбасов. 

Оның айтуынша, осы кезеңде елімізден 389 шетелдік шығарылып, 8301 адамға айыппұл салынды, ал 489 адам әкімшілік қамауға алынды. Көші-қон заңнамасын бұзуға байланысты 23 қылмыстық іс қозғалған.

Полиция басшысы көші-қон заңнамасын көбінесе шетелдіктер бұзатынын атап өтті.

2024 жылғы 11 айда 4551 шетелдік Қазақстан азаматтығын алды. Бұл шетелдіктердің елімізде жұмыс істегісі келетінін көрсетеді, - деді Жарықбасов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама