Жоғары аудиторлық палата су бұру саласында бірқатар жүйелі проблемаларды анықтады
Су бұру саласына бөлінген 26,7 млрд теңге тиімсіз жұмсалған. Бүл туралы Жоғары аудиторлық палатаның отырысында белгілі болды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Жиында су бұру саласында бюджет қаражатының және мемлекет активтерінің пайдаланылу тиімділігіне жүргізілген аудит нәтижелері қаралды. Жүргізілген мемлекеттік аудит су бұру саласында шешілмеген проблемалар қатарын анықтады.
Бұған уәкілетті органдардың іс-қимылындағы сәйкессіздік, нормативтік базадағы олқылықтар, сапалы мониторинг пен дұрыс жедел деректердің болмауы, автоматтандыру мен цифрландыру деңгейінің төмендігі, инвестициялық жобалардың жете пысықталмауы және тағы басқалары жатады, – делінген хабарламада.
Палата өкілдерінің ақпаратына сәйкес, коммуналдық қызметтерге ақы төлеу деңгейінің төмендігі және жергілікті жерлерде тарифтердің төмен болуы инфрақұрылымды жеткіліксіз қаржыландыру тәуекелдерін тудырып отыр. Сонымен қатар статистикалық ақпаратты жинаудың, өңдеудің және қорытудың бірыңғай тәсілінің болмауы желілердің ұзындығы, кәріз-тазарту станцияларының саны, авариялық желілер және тағы басқасы бойынша деректердің сәйкессіздігіне әкелді.
Республиканың 67 қаласында кәріз тазарту станцияларын жаңадан салу, жаңғырту және реконструкциялау керек, ал 27 қалада олар мүлдем жоқ. Өңірлер арасында қаражат бөлуде теңгерімсіздік байқалады. Мысалы, Қарағанды, Павлодар, Ұлытау облыстарында желілердің тозу дәрежесі жоғары болуына қарамастан, Астана қаласы, Түркістан және Алматы облыстары көп қаржыландырылған, – делінген ақпаратта.
Сондай-ақ, су бұру бойынша 27 күрделі жобаны құзыреті жоқ ұйымдар сараптамадан заңсыз өткізген.
Түркістан, Қарағанды облыстарында, Шымкент пен Астанада 15 жоба бойынша іске асыру мерзімдері бұзылған, ал жекелеген жобалар бойынша түзетілген жобалық құжаттамаға қайта сараптама жүргізілмеген. Жалпы су бұру бойынша 35 жобаны іске асыру құны түзету нәтижелері бойынша 109 млрд теңгеден 180 млрд теңгеге, яғни 70 млрд теңгеге дейін ұлғайған, – делінген хабарламада.
Бұл ретте бақылаудың төмендігі салдарынан кейбір нысандар пайдаланылмай тұр. Мысалы, Қарағанды облысының Приозерск қаласында құны 1,9 млрд теңге болатын тазарту құрылыстарын реконструкциялау жобасы 2017 жылдан бастап 98%-ға дайын күйінде тұр. Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарында кәріз желілерінің болмауына байланысты 5,6 млрд теңге сомасына пайдалануға берілген тазарту станциялары бойынша 6 жоба тоқтап тұр.
Отырыста Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында бірыңғай ақпараттық жүйесіз қаралған проблемалар өзекті болып қала беретінін атап өтті.
Аудит қорытындысы бойынша: