Шекарадан көліктерді кедергісіз өткізгені үшін 75 млн теңге пара алған қызметкер сотталды
Ер адам Грузиядан экстрадицияланды
Батыс Қазастан облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты мемлекеттік кірістер органдарының аса ірі мөлшерде пара алған бұрынғы қызметкеріне қатысты үкім жариялады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Сотта анықталғандай, сотталушы мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлға бола отырып, 2021 жылғы желтоқсан мен 2022 жылғы қыркүйек аралығында Қазақстан-Ресей шекарасындағы автомобиль өткізу пункті арқылы көліктердің кедергісіз өтуі үшін 75 млн 720 мың теңге көлемінде пара алған.
Ақпаратқа сәйкес, ер адам Грузиядан экстрадицияланған.
Сотталған мемлекеттік және қаржы ұйымдарында жұмыс істеу құқығынан және 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, сот мүлікті тәркілеуді қолданып сотталушыдан пара сомасын өндіріп алды, – делінген облыстық прокуратура хабарламасында.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.