×

Бүгін төрт өңірде төтенше жағдай режимінің күші жойылады

5 қаңтарда Қазақстанның бүкіл аймағында төтенше жағдай жарияланды

 Халық үні 14.01.2022 | 15:20
көрнекі фото: Halyq Uni

Шымкент қаласында төтенше жағдай енгізу туралы ҚР Президентінің 2022 жылғы 5 қаңтардағы жарлығының күші 14 қаңтардағы 18 сағат 00 минуттан бастап жойылады.

Сондай-ақ Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Түкістан облыстарында енгізілген төтенше жағдай режимінің күші 2022 жылғы 14 қаңтардағы 18 сағат 00 минуттан бастап жойылады.

13 қаңтарда Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарында жарияланған төтенше жағдай режимінің күші жойылған еді.

Еске салайық, 2 қаңтарда Жаңаөзенде басталған наразылық акциясы Қазақстанның басқа қалаларында да жалғасты. 4 қаңтарда Алматы қаласында басталған митингтің ертеңі дүрбелеңге, қанды оқиғаға ұласты.

Осы жағдайға байланысты барлық өңірде төтенше жағдай режимі енгізіліп, президент Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына мүше елдердің басшыларынан террорлық сын-қатерді еңсеруде көмек сұрады. Мемлекет басшысы «Алматыға 20 мың террорист шабуылдады» деген пікір айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама