Halyq Uni логотип
×

Жыл басынан бері көпбалалы отбасыларға 431,9 млрд теңге төленді

 Динара Амантай 19.12.2024 | 10:36
Жыл басынан бері көпбалалы отбасыларға 431,9 млрд теңге төленді
Фото: Halyq Uni

Биыл көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы орта есеппен 577,2 мың отбасыға берілді. Қаражаттың жалпы көлемі 431,9 млрд теңге болды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ақпаратына сәйкес, қарашада 591,2 мың отбасыға 42,2 млрд теңге жәрдемақы төленген.

Айта кетсек, аталмыш жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.

Төлем мөлшері бала санына қарай сараланып есептеледі және 2024 жылы:

  • 4 баласы бар отбасыларға – 16,03 АЕК немесе 59 183 теңге;
  • 5 балаға – 20,04 АЕК немесе 73 988 теңге;
  • 6 балаға – 24,05 АЕК немесе 88 793 теңге;
  • 7 балаға – 28,06 АЕК немесе 103 598 теңге;
  • 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға – әр балаға 4 АЕК немесе 14 768 теңге мөлшерінде төленеді.

Биыл көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы төлеуге 472,9 млрд теңге қарастырылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама