Halyq Uni логотип
×

Шымкентте балабақша құрылтайшыларына қатысты сот үкімі шықты

Змемлекетке 8 млн теңге залал келтірілді

 Динара Амантай 19.12.2024 | 09:54
Шымкентте балабақша құрылтайшыларына қатысты сот үкімі шықты
Фото: Halyq Uni

Шымкентте балабақша құрылтайшыларына қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Halyq Uni.

Облыстық прокуратура мәліметінше, Әл-Фараби ауданындағы мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың тіркелгендігі туралы жалған мәліметтер енгізілген.

Талдау барысында мемлекет бюджетінен бөлінген 8 млн теңгеден астам қаражатты заңсыз пайдалану фактілері анықталды. Атап айтқанда, «Т» және «Б» жекеменшік мекемелер Білім басқармасына балабақшаға бармаған балалардың білім алып жатқандығы туралы жалған мәліметтер (өлі жандар) ұсынып, мемлекет қаражатын өз бетінше пайдаланған, - делінген хабарламада. 

Шымкент қаласының қылмыстық істер бойынша ауданаралық сотының үкімімен балабақша құрылтайшылары алаяқтық жасағандары үшін әртүрлі жазаларға тартылып, мемлекетке келтірілген залалды толығымен қайтарды. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама