Павлодарда түнде дискотека ұйымдастырған тұрғын жауапқа тартылды
Ол көршілерінің мазасын алған
Павлодарда полиция түнде дискотека ұйымдастырған тұрғынды жауапқа тартты, деп хабарлайды Halyq Uni.
Облыстық ПД мәліметінше, 19 желтоқсанда түнгі сағат 2.30-да полицияға Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы бойындағы тұрғын үйлердің бірінде тұратын адамнан шағып түскен. Ол көршісі музыканы қатты қосып, пәтерде дискотека ұйымдастырғанын айтқан.
Мен төменге түсіп, көршіге сыпайы түрде музыканың дауысын азайтуды өтіндім. Бірақ ол менің айтқанымды тыңдамады. Біз неге шуға шыдауымыз керек?, - деді полицияға арыз түсірген тұрғын.
Полиция оқиға орнына барып, түнде музыка тыңдап, дискотека ұйымдыстарған павлодарлықты жауапқа тартты.
Айта кетейік, жыл басынан бері Павлодар облысында осылай заң бұзған 6 мыңнан аса адам әкімшілік жауапқа тартылды.