Жоспар 100%-ға орындалды
2024 жылдың қорытындысы бойынша елімізде мұнай 17,9 млн тонна мұнай өндіріледі деп жоспарланып отыр, деп хабарлайды Halyq Uni.
Биыл қаңтар-қарашада Қазақстанда 16,7 млн тонна мұнай өңделді. Жоспардың орындалуы – 102% (жоспар – 16,4 млн тонна).
Осы жылдың қорытындысы бойынша мұнай өңдеу көлемі 17,9 млн тоннаға дейін ұлғаяды деп күтіледі. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 1,1%-ға артық.
Мұнай өнімдерін (бензин, дизель отыны, мазут, авиакеросин, битум) өндіру 2024 жылғы қаңтар-қарашада 13,1 млн тонна болды, жоспарлы көрсеткіш 100% болды.
Елімізде мұнай өңдеу саласын дамыту 2024-2040 жылдарға арналған тұжырымдаманы бекіту арқылы қолдау татпы. Бұл аталған саланың Қазақстанның экономикалық өсуі үшін стратегиялық маңызы зор.
Бұған дейін Қазақстанда 87,8 млн тонна мұнай өндірілгені хабарланған еді.