Halyq Uni логотип
×

Биыл Қазақстанда тек 16,7 млн тонна мұнай өңделді

Жоспар 100%-ға орындалды

 Дәурен Ерболат 19.12.2024 | 09:05
Биыл Қазақстанда тек 16,7 млн тонна мұнай өңделді
Фото: kmg.kz

2024 жылдың қорытындысы бойынша елімізде мұнай 17,9 млн тонна мұнай өндіріледі деп жоспарланып отыр, деп хабарлайды Halyq Uni.

Биыл қаңтар-қарашада Қазақстанда 16,7 млн тонна мұнай өңделді. Жоспардың орындалуы – 102% (жоспар – 16,4 млн тонна).

Осы жылдың қорытындысы бойынша мұнай өңдеу көлемі 17,9 млн тоннаға дейін ұлғаяды деп күтіледі. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 1,1%-ға артық.

Мұнай өнімдерін (бензин, дизель отыны, мазут, авиакеросин, битум) өндіру 2024 жылғы қаңтар-қарашада 13,1 млн тонна болды, жоспарлы көрсеткіш 100% болды.

Елімізде мұнай өңдеу саласын дамыту 2024-2040 жылдарға арналған тұжырымдаманы бекіту арқылы қолдау татпы. Бұл аталған саланың Қазақстанның экономикалық өсуі үшін стратегиялық маңызы зор.

Бұған дейін Қазақстанда 87,8 млн тонна мұнай өндірілгені хабарланған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама