Үкімет, Ұлттық банк пен Стати арасындағы ұзаққа созылған дау аяқталды

Ербол Тұрымбет

Шетелдік тарап елімізде жаңа жобалармен жұмыс істеуді асыға күтетінін мәлімдеді

Фото: Әділет министрлігі

Үкімет, Ұлттық Банк және Стати тараптары, Tristan Oil жетекші кредиторларының қолдауымен және келісімімен, Қазақстандағы мұнай-газ активтері туралы ұзақмерзімді дауды реттеу үдерісін сәтті аяқтады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Әділет министрлігінің мәлімдеуінше, қол қойылған «Түпкілікті реттеу туралы» келісім барлық ағымдағы дауды болашақта оларды қайта бастау құқығынсыз тоқтату үшін негіз болып табылады. Келісімнің нақты шарттары құпия.

Бұл реттеу және барлық тарап үшін әділ шешу жолын іздеу мақсатында Қазақстан Республикасы қабылдаған тәсіл, бұл ел инвестордың құқықтары сақталатын орын болып табылатынын атап көрсетеді. Біз Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа шетелдік инвесторлардың Қазақстан туралы түсінігін өзгертудегі көшбасшылығы үшін алғыс айтамыз. Біз болашақта жаңа жобалармен жұмыс істеуді асыға күтеміз, – деді Дэниел Чапман, CEO Argentem Creek Partners.

Әділет министрі Азамат Есқараев та ұзақ дау аяқталғаннан кейін Қазақстанда экономиканы дамыту үшін, оның ішінде инвестициялар тарту арқылы, қосымша мүмкіндіктер пайда болатынына тоқталды.

Бұл ретте, мен бұрын атап өткендей, республикалық бюджеттен реттеу шеңберінде қаражат пайдаланылмады, – деді

Айта кетейік, Argentem Creek Partners – Стати тараптарының инвестициялық құралы Tristan Oil Limited-тің кредиторлары болып табылатын нақты қорлардың инвестициялық басқарушысы.