Halyq Uni логотип
×

Биыл Алматыда 50 cпорт ауласы салынды

Қалада NEET-жастарының үлесі азайған

 Halyq Uni 18.12.2024 | 15:15
Биыл Алматыда 50 cпорт ауласы салынды
Фото: Алматы әкімдігі

2024 жылы Алматыда 3 спорт-сауықтыру кешені пайдалануға беріліп, 50 cпорт ауласы салынды. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Өңір басшысы Алматы жастар қаласы екенін атап өтті.

Осыған байланысты жастарды қолдау мен дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Биыл 11 комьюнити-орталық және 4 нарко-STOP орталығы ашылды, 33 демалыс орталығы жаңартылды, 8 мың студентке шақталған жатақханалар пайдалануға берілді. Алматы жастары үшін 3 300-ден астам пәтер салынды.  3 спорт-сауықтыру кешені ашылып, 50 спорт ауласы салынды. Нәтижесінде NEET санатындағы жастардың үлесі 8,3%-дан 6,4%-ға төмендеді, - деді Ерболат Досаев өңірлік коммуникация қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ әкім Алматы орталық стадионының басқарушысы қызметінен неге шеттетілгеніне түсінік берді.

«Шынымда айтайын, (матчты өкізуге) қаражат бөлген жоқпыз. Себебі, біздің Орталық стадионның өзінің бюджеті бар. Бір апта бұрын («Астана – Челси» матчына) дайындықты бастадық. Бұған дейін футболдан Қазақстан құрамасының ойыны дұрыс өтті ғой. (Орталық стадионның басшылығы мачты – автор) қалай өткізу керегін, не істеу қажетін бәрін біледі. Әр адамның жеке жауапкершілігі бар. Соған сәйкес шешімді қабылдадық. Жауапкершілікке сәйкес шешім қабылданды. (Стадионның) директоры бірінші жыл жұмыс істеп жатқан жоқ. Ол 4 жылдан аса уақыт директор болды, бәрін біледі», - деді басшы.

Бұған дейін 12 желтоқсанда қалалық спорттық нысандары дирекциясы стадионның батыс секторындағы 6 қатар қардан тазартылмағанын хабарлаған. Бұл жанкүйерлерге матчты тамашалау кезінде қолайсыздықтар туындаған. Осыдан соң Алматы орталық стадионының басқарушысы қызметінен шеттетілгені белгілі болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама